Павлодарда бірнеше үйде су уақытша өшіріледі

Павлодарда бірнеше үйде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Павлодар-Водоканал» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, тұрғындарды алдын ала су жинап алуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

22 мамыр күні Украинская көшесі, 101 мекенжайында жапқыш арматураны ауыстыру және су құбырына техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін бірқатар мекенжайларда ауызсу уақытша тоқтатылады.

Атап айтқанда, су келесі үйлерде болмайды:

  • Украинская көшесі: 99 (№84 балабақша), 101, 101/1 (дүкен), 104 (монша), 104А, 108 (дүкен), 108/1, 121 (ТҚКС);
  • Щедрин көшесі: 30, 30/2, 30/4;
  • Минин көшесі: 40.