Павлодарда 9 қыркүйекте қай жерлерде жарық болмайды

Павлодарда 9 қыркүйекте қай жерлерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Лесозавод шағын ауданындағы мына көшелерде электр энергиясы болмайды:

  • Ақжол көшесі;
  • 3-й Проезд;
  • Новоселов көшесі;
  • Суров көшесі;
  • Әуезов көшесі;
  • Гайдар көшесі;
  • «Иртыш» бағындағы Малиновая және Клубничная көшелері.

Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Радиозавод шағын ауданындағы Г және Д өткелдерінде жарық болмайды.

Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Лесозавод шағын ауданындағы Царев көшесі, 1-12 мекенжайларында электр энергиясы болмайды.

Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін:

  • Катаев көшесі, 99, 99/1 («DS-SERVIS» автохимиясы), 101 («Сабина» дүкені), 103, 103/1 («Айсберг» дүкені), 105 («Карад» дәріханасы, «KVARTIRA HAIR» сұлулық салоны).