«Павлодарэнергосбыт» ЖШС қайта ұйымдастыруды бастады

Жылу жеткізуші қызметін басқа ұйым атқарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1 шілдеден бастап жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша жылу жеткізушісі ретінде «Павлодарские тепловые сети» ЖШС қызмет атқарады.
– Бұған дейін жасалған шарттар негізінде рәсімделген барлық техникалық және құқықтық құжаттар өз заңды күшін сақтайды. Сонымен қатар, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС тұтынушылардың шарт нөмірлерін (дербес шоттарын) өзгертпейді, – деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7182) 903-309 нөміріне хабарласуға болады.