Павлодарда жол учаскесінде қозғалыс шектеледі

Павлодарда жол учаскесінде қозғалыс шектеледі
Фото: v-kurse.ru

Жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 29 тамыз күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Ген. Дүйсенов көшесінен Астана көшесіне дейінгі аралықта Толстой көшесі бойынша автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі (Астана, Ак. Сәтбаев және Ген. Дүйсенов көшелерінің қиылыстары ашық болады).

№126 автобус бағыты Толстой көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай жүргенде осы учаскені Ген. Дүйсенов – Горький – Астана көшелері бойынша айналып өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта.