Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сауда алаңы 14 маусым күні Торговая көшесі, 2А мекенжайы бойынша (Космонавтар мен Торговая көшелерінің қиылысында) ұйымдастырылады.

Сатылымдағы өнімдердің бағасы келесідей: сиыр еті – 2300 теңге/кг, жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг, қой еті – 1900-2100 теңге/кг, 1 санатты жұмыртқа – 420 теңге/ондық, шикі сүт – 250 теңге/литр, бал – 2000-2500 теңге/кг, картоп – 120 теңге/кг, сәбіз – 138 теңге/кг.

Мұндай жәрмеңкелер сенбі күндері Екібастұз қаласындағы «Народный» және Ақсу қаласындағы «Saryarqa» фермерлік базарларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында тұрақты түрде ұйымдастырылады.