Павлодарда бір шағын ауданда жарық болмайды

Павлодарда бір шағын ауданда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қазан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Радиозавод шағын ауданында электр қуаты сөндіріледі.

Сонымен қатар, сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Гагарин көшесі, 27 мекенжайы бойынша «Әйгерім» дүкені, «Wildberries» беру пункті және Кирпичная – Гагарина – Комиссарская – Амангелді көшелері алаңындағы тұрғын үйлер, ал 9:00 – 17:00 аралығында Катаев көшесі, 44/2, 46/1, М. Жүсіп көшесі, 171, Толстой көшесі, 30 және Бұқар жырау – М. Горький – М. Жүсіп – Толстой көшелері алаңындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалады.