Павлодар облысында басқармалардың біріне жаңа басшы келді

Павлодар облысында басқармалардың біріне жаңа басшы келді
Фото: Валерий Бугаев

Бұған дейін 47 жастағы шенеунік аталмыш басқарманың орынбасары болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында Асайын Байханов жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысын таныстырды. 

Самал Қадырова 1977 жылы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Ол 1996 жылы Павлодар педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша , 2005 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша сырттай бітірді.

Шенеунік бұл лауазымға дейін аталған басқарма басшысының орынбасары болып істеді.