Павлодарда бірқатар көше уақытша жабылады

Көлік жүргізушілерінен бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ауа райы жауын-шашынсыз қолайлы болған жағдайда 30 маусым күні сағат 07:00-ден бастап 1 шілде күні сағат 20:00-ге дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Павлов көшесінің Аймауытов көшесінен бастап, Малайсары көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінда уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.