Павлодарда автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгереді
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік бау-бақша серіктестіктеріне дейін қатынамайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 9 қазан күні №1 автомобиль жолында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Жұмыстар ауа райы қолайлы болған жағдайда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Жібек жолы көшесінен 3-ЖЭО-ға дейінгі аралықта жүргізіледі.
– Жөндеу жұмыстарына байланысты №18 автобус бағыты бау-бақша серіктестіктеріне дейін қатынамайды, – деп хабарлады бөлімде.
Тұрғындарға сапар бағытын алдын ала ескеру ұсынылады.