Павлодар облысында қатты жел мен жаңбыр күтіледі

Павлодар облысында қатты жел мен жаңбыр күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандар өңір тұрғындарын қолайсыз ауа райына байланысты сақ болуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 31 қазан сағат 20:00-ден 1 қараша сағат 20:00-ге дейін өңірде дауылды ескерту жарияланды.

1 қараша күні облыстың солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с, ал күндіз 15–23, кей жерлерде 28 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар қаласында 1 қарашада оңтүстік-батыс желі 15–20, кей жерлерде 23–28 м/с екпінмен соғады деп күтіледі.