Павлодарда балаларына дұрыс қарамаған ана жазаланды
Материал сотқа жіберіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары рейд барысында 38 жастағы қала тұрғынын анықтады.
– Ол төрт және алты жастағы екі баланың тәрбиесіне салғырт қараған және алкогольді ішімдік тұтынған. Тұрғын ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберіледі. Сонымен қатар, ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысында қаралады, – дейді департаментте.
Айта кетейік, жыл басынан бері кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамаған 72 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.