Павлодарлықтар сенбі күні азық-түлікті арзан бағада ала алады
Сол мақсатта өңірде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда аталмыш жәрмеңке 7 қараша, сенбі күні болады. Онда тұрғындар негізгі азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңке Торговая көшесі, 2А мекенжайында, Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында орналасқан Jailau базарында болады.
Саудаға Ақтоғай, Железин, Тереңкөл, Шарбақты, Павлодар аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Айта кетейік, сенбі күндері осындай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында да ұйымдастырылады.