Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысандар жарықсыз қалады

Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысандар жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Олжабай батыр көшесі, 52 – жобалық институт; 60/1; 60/2 – студенттер үйі;
  • Черепанов көшесі, 10 – «Мир сладостей» көтерме-бөлшек сауда дүкені, «Теміржолшы» сауда базасы, «Лучшие» көтерме сауда компаниясы, «Лига ПВ» сауда компаниясы, «Аруна-Павлодар» арнаулы жұмыс киімі дүкені; 10/1 – «Сварка» өндірістік цехі;
  • Торайғыров көшесі, 64 – «Ирбис» толық циклді жарнама агенттігі, «Модус-Павлодар» домофондары, «Алатау» шағын қонақ үйі, «Остров детства» дамыту орталығы, «Хабар 24» телеарнасы; 70/4 – «Стекло-Трейд» сауда фирмасы, «Веста PV» кеңсесі; 72/3 – «ЖК Калиев Б.К.» ағаш өңдеу компаниясы;
  • Толстой көшесі, 120; 141/1 – «Энергостроймонтажсвязь»; 143/1; 
  • Қамзин көшесі, 67/3 – шіркеу; 49 – «ЖК Хасенов» май цехі;
  • Е. Бекмаханұлы көшесі, 150/1 – уақытша бейімдеу және детоксикация бөлімі; 153 – «КХ Адал» өндірістік базасы; 153/16 – «Кафе у Сэма» кафесі; 157 – «Гермес ТП» ЖШС; 159 – «STS-PV» ЖШС; 161/1 – «Пик-тайм» жарнамалық-өндірістік компаниясы; 
  • Малая объездная көшесі, 7 – «Solwit» ЖШС;
  • Комбинатская көшесі, 31 – автошаруашылық; 33 – «РГП Еңбек Павлодар»; 35 – «ЛСИ», «Стофарм», «Жетіқара» ЖШС.