Павлодардың бірнеше әлеуметтік нысаны жарықсыз қалады

Павлодардың бірнеше әлеуметтік нысаны жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаланы қысқы мерзімге дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 тамыз күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • М. Жүсіп көшесі, 2/1 – «Helix» зертханалық қызметі, «Arzan mix» әйелдер киімінің дүкені;
  • Ак. Бектұров көшесі, 13 – «Jana Post» экспресс-поштасы, «Фалькон» қонақ үй кешені;
  • Ак. Бектұров көшесі, 15 – «Триумф» зергерлік салоны, «Астур» стоматологиясы, «Прибой» азық-түлік дүкені;
  • Олжабай батыр, 43 – Павлодар машина жасау колледжі, «Seryar» орамды перделер дүкені;
  • Олжабай батыр, 43/1 – дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері;
  • Торайғыров көшесі, 52 – «ADAM CLINIC» медициналық орталығы;
  • Торайғыров көшесі, 54 – «Қазпоштаның» №2 бөлімі, «Гарант» стоматологиялық клиникасы, «Pharmacom» дәріханасы, «Party Pizza» пиццериясы;
  • Тұрғын үйлер: М. Жүсіп көшесі, 2; Ак. Бектұров көшесі, 15; Олжабай батыр көшесі, 43.