Павлодарда Кеңес Одағы батырының ұлы әкесі жайлы тың деректерге толы кітап шығарды
Кітаптың «Жизнь замечательных людей» сериясы сонау 19 ғасырда жазылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Мұрат Қайырбаевтың Мәскеуде жарық көрген «Жизнь замечательных людей» әйгілі сериясы аясында «Махмет Қайырбаев» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Кітапты батырдың ұлы Мұрат Махметұлы жазған.
Көп жылдардан бері кітап серияларының 1500-ден астам саны жарық көрді. Олардың көпшілігі Қазакстанның көрнекті қайраткерлеріне арналған.
Аталмыш серияның кейіпкерлері Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Кенесары Қасымов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердиев, Ермұхан Бекмаханов, Евней Бөкетов және басқа да Қазақстан тарихының, ғылымы мен мәдениетінің көрнекті кайраткерлері болды. Енді бұл тізім Махмет Қайырбаевтың есімімен толықты.
Махмет Қайырбаев – Кеңес Одағының батыры, мемлекет кайраткері. Оның бүкіл өмірі – Отанына, халқына адал қызмет етудің үлгісі болды. Батырдың өмірбаяны бүкіл елде көрініс тапты. Қуғын-сүргінге ұшыраған отбасының ұлы, Махмет атақты Подольск әскери училищесіннен кейін 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанды. Соғыстан кейінгі кезеңде жауапты қызметтерді атқарып, облысымыздың дамуына орасан зор үлес қосты.
Мұрат Қайырбаев әкесі туралы әңгімені бүкіл ел тарихы аясында құрастырады. Махмет Қайырбаевтың өмірбаянындағы бұрын белгісіз болған фактілерді мұрағат материалдарын пайдалана отырып, оларға құқықтық тұрғыдан баға береді.
– Әкемнің өмірбаянын жазу оның өміріндегі кейбір оқиғаларға түрткі болды. Кеңес Одағының батырлары – мемлекеттің саяси ұрандарын өмірге енгізудің бейнесі. Әкем 1982 жылы зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, майдангерлердің ерліктерін жиі еске алып, жағдайларына алаңдап жүретін. Бүгінде мен де зейнеттемін. Әкемнің сол кезгі ойға алған жоспарларын жүзеге асыруға титтей де болса үлесімді қоссам деймін. Әкемнің айналасында жүрген адамдар, жалпы жүріп өткен дара жолына арнап кітап жаздым, – дейді Мұрат Қайырбаев.
Бейбіт уақытта Махмет Қайырбаевтың барлық еңбек жолы Павлодар облысының дамуымен тығыз байланысты. Тың және мал шаруашылығын игеруде, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуда қол жеткізген жетістіктері үшін ол Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және Октябрь Революциясы орденімен марапатталды.
– Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың өмір жолын оның барлық жерлестеріне жеткізу және болашақ ұрпақтың жадында халық батырының бейнесін сақтау менің қасиетті міндетім деп санаймын, – дейді автор.
Сондай-ақ, кітаптың тұсаукесеріне Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша бас имамы Жолдас Бертімұратов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеев, Павлодар облысының Кұрметті азаматы Евгений Азаров және зиялы қауым өкілдері катысты.
Айта кетейік, аталмыш іс-шараға батыр туралы деректі фильм және кітап көрмесі дайындалды. Бүгінде батырдың мүсіні Павлодар қаласының Даңқ алаңында орнатылған.