Павлодарда көлігіне заңсыз газ жабдығын орнатқан жүргізуші жазаланды
Автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары облыстық ТЖД-мен бірлесіп, автокөлік құралдарын газбен заңсыз қайта жабдықтау фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтер жүргізді. Рейд барысында 347 автомашина тексерілді, газ жабдығын заңсыз орнатудың 11 фактісі анықталды. Көлік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Автомашиналар арнайы айып тұрақтарына қойылды.
– Павлодар қаласында газ жабдығы орнатылған 24 жастағы жүргізуші басқарған «Lada Granta» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Бұл ретте қайта жабдықтау көлік құралын тіркеу куәлігінде көрсетілмеген. Автокөлік айып тұрағына қойылды, жүргізуші ҚР ӘҚБтК 590-бабы 7-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, – дейді департаментте.
Полиция департаменті көлік құралын тиісті рұқсатсыз басқару үшін 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылатынын еске салады.