«Планетаға қарай қадам жаса»: Павлодарда жас суретшілердің халықаралық байқауы өтті

«Планетаға қарай қадам жаса»: Павлодарда жас суретшілердің халықаралық байқауы өтті
Фото: Константин Шелков

Графика, гуашь, акварель, фломастер, гель қаламдар техникасында 89 жұмыс орындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, балалар көркемсурет мектебі мен балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы суреттер, комикстер мен плакаттардың «Эко – мен, ЭКО – біз, Эко – әлем» атты қалалық балалар байқауының қорытындысын шығарды. 

Байқау «Планетаға қарай қадам жаса» экологиялық марафонның «Жер сағаты» атты халықаралық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Халықаралық акцияны Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастыруымен өтті. Жарыс табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, экологиялық мәдениетті арттыруға, биоалуантүрлілік пен қоршаған ортаны сақтауға бағытталған.

– Іс-шара көркем шығармашылықпен айналысатын талантты балаларымыз көп екенін көрсетті. Жас суретшілер өз жұмыстарында экология тақырыбын жақсы аша алды, – дейді Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мектеп педагогі Алексей Балин.

Жарысқа «Сурет», «Плакат», «Комикстер» номинациялары бойынша 10-16 жас аралығындағы қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 89 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 22 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Бірінші орынға сегіз оқушы, екінші орынға жеті оқушы және үшінші орынға жеті оқушы ие болды.

С. Торайғыров атындағы мектептің оқушысы – 11 жастағы Георгий Шапов «Сурет» номинациясында, № 33 мектептің оқушысы – 10 жастағы Алина Курьянова «Листовка» номинациясында, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушылары – 11 жастағы Полина Алексис пен 12 жастағы Камалия Тезекбаева «Комикстер» номинациясында, № 36 ЖОМ оқушылары – 13 жастағы Матвей Митрофанов және Анастасия Морозова «Сурет» номинациясында, 14 жастағы Алина Ахметова «Листовка» номинациясында,   № 43 ЖОМ оқушысы 16 жастағы Дмитрий Захаров «Сурет» номинациясында бірінші орынды иеленді. 

Екінші орынға № 33 (3), 36, 43 және А.Байтұрсынұлы атындағы мектептердің оқушылары, ал үшінші орынға А. Байтұрсынұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы, № 33 мектептердің 10-16 жас аралығындағы оқушылары ие болды.

Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, педагогтер алғыс хаттарымен марапатталды.