Павлодарда жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік қызметтер бүгін де уақытша тоқтатылды

Павлодарда жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік қызметтер  бүгін де уақытша тоқтатылды
Фото: Константин Шелков

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіне деректер көшіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының хабарлауынша, осыған байланысты 20 маусымда жер және жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері уақытша қолжетімсіз болады.

– Қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау, оның ішінде ХҚКО-лар арқылы оның ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жылжымайтын мүлікті ресімдеу, сондай-ақ, eGov.kz порталы арқылы тіркелу, нотариустар, салық ұйымдары, ЕДБ және ҚР Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйелері арқылы қызмет көрсету тоқтатылады, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, іске қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше күн ішінде ЖМБ МК мен сервистердің дұрыс жұмыс істемеуі байқалуы мүмкін.

Еске сала кетейік, кеше, 19 маусым күні де аталған мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз болған.