Успен ауылдық округіне әкім болуға үш кандидат тіркелді
Оның бірін партия ұсынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен аудандық әкімдігінің мәліметінше, аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шығып, шешім қабылады:
Шешім бойынша үш адам қабылданды. Олар:
Саламацкий Сергей Иванович, 1964 жылы туған, ұлты - украин, Успен ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Негриенко Виктор Викторович, 1987 жылы туған, ұлты - орыс, Успен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Усольцев Олег Вячеславович, 1994 жылы туған, ұлты - орыс, Успен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Айта кету керек, Сергей Саламацкий бұған дейін аталмыш ауылдық округтің әкімі болған еді. Ал Виктор Негриенко Успен ауданы ішкі істер бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған. Олег Усольцев Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, былтырғы жылдың қаңтар айында Шарбақты, Ақтоғай, Железин аудандарының әкімдері сайланды. Үш аудандағы сайлаушылардың жалпы саны – 32 мың адамнан астам.