Павлодарда жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Көлік жүргізушілерінен маршрутты алдын ала жоспарлауды және қозғалыс кезінде уақытша қиындықтарды ескеруді сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 1 сәуір күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін келесі көшелерде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
- Толстой көшесі – Бекмаханов көшесінен Кіші айналма жолға дейін;
- Бекмаханов көшесі (Batyr Mall бағыты) – Кіші айналма жолдан Толстой көшесіне дейін;
- Ресей, Пішембаев көшелері;
- Қамзин көшесі – Циолковский көшесінен Ломов көшесіне дейін;
- Олжабай батыр көшесі – Торайғыров көшесінен Баян батыр көшесіне дейін;
- Шевченко, Павлов көшелері – Шевченко көшесінен Аймауытов көшесіне дейін;
- Баян батыр көшесі – Жібек Жолы көшесінен Мичурин ауылына қарай.