Павлодарда бірнеше тұрғын үйде жарық болмайды

Павлодарда бірнеше тұрғын үйде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Астана көшесі, 139;
  • Естай көшесі, 25;
  • М. Исиналиев көшесі, 12;
  • Ак. Бектұров көшесі, 12;
  • Ак. Сәтбаев көшесі, 160.