Павлодарда Олжас Нұрлановтың жеке концерті өтеді

ұл баяншының соңғы бес жылдағы концерті болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2 сәуірде сағ. 19:00-де павлодарлық өнерсүйер қауым бірегей мәдени оқиғаның куәгері атанбақ. Облыс орталығында халықаралық байқаулардың лауреаты, баян бойынша әлем чемпионы Олжас Нұрлановтың концерті өтеді.
Көрермендер классикалық шығармалар, халық әуендері мен отандық композиторлардың туындыларын тыңдай алады. Музыкалық кеш ұйымдастырушыларының айтуынша, концерттік бағдарлама шеңберінде тосынсый да болуы мүмкін.
– Олжас Нұрланов – аймақ тарихындағы әлем дейгейіндегі тұңғыш баяншы. Өнерпаз соңғы беы жыл ішінде павлодарлық көрермендермен қайта жүздеседі. Осы уақыт аралығында Олжас Қазақстан, Ресей, Қытай және Германияда өткен бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды. Италияның Кастельфидардо қаласында өткен «PIF Castelfidardo 2024» халықаралық байқауының және Германияның Мюнхен қаласында ұйымдастырылған «Coupe Mondiale» Әлем Кубогында жеңіске жетті, – дейді Павлодар музыкалық колледжі директорының орынбасары Айнаш Қарашина.
Көрермен қауым мен студенттерді музыкалық кештен бөлек шебердің шығармашылық кеші күтіп тұр.
Концерт Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Кіру тегін.