Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шараға бес ауданның тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңке Торговая көшесі, 2А мекенжайында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында) ұйымдастырылады.

Бұл іс-шараға Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін ұсынады.

Мұндай жәрмеңкелер сенбі күндері Екібастұз («Народный» базары), Ақсу («Saryarqa» фермерлік базары) қалаларында және облыстың 10 ауданында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.