Павлодарлық оқушылар қазақ прозасының шеберіне тағзым етті

Павлодарлық оқушылар қазақ прозасының шеберіне тағзым етті
ЖИ иллюстрациясы

Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Әдеби кеш Усолка шағын ауданында орналасқан №2 балалар кітапханасында «Сайын Мұратбеков – қазақ прозасының нәзік шебері» деген тақырыппен ұйымдастырылды. 

Іс-шараға №25 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында кітапханашы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттегі орны және көркем шығармаларының ерекшеліктері туралы баяндады.

Әдеби викторина ұйымдастырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Кештің мақсаты – оқушыларды жазушының шығармашылық мұрасымен таныстырып қана қоймай, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, ұлттық кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Еске сала кетейік, жазушы — қазақ прозасының лирикалық, ауыл тақырыбындағы бағытын қалыптастырған қаламгер. Оның шығармалары адам жанының нәзік иірімдерін, балалық шақтың мөлдірлігін, соғыс жылдарындағы ауыл өмірін шынайы суреттеуімен ерекшеленеді.

Оның «Жусан иісі», «Басында Үшқараның», «Жабайы алма» атты жинақтары оқырман арасында ерекше танымал.

  Шығармалары орыс, өзбек, татар, украин және араб тілдеріне аударылған.