Павлодар университеті үш жүзден астам маман шығарды

Павлодар университеті үш жүзден астам маман шығарды
Фото: ИнЕУ баспасөз қызметі

Бұл – бес кафедраның студенттері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Инновациялық Еуразия университеті 318 түлекке дипломдарын салтанатты түрде табыс етті. Олардың 41-і – «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар», 69-ы – «Бизнес және басқару», 70-і – «Құқық», 61-і – «Ветеринария және өнеркәсіптік технологиялар», 77-сі – «Энергетика, инженерия және ақпараттық технологиялар» кафедраларының түлектері.

Салтанатты шараға ИнЕУ ректоры Гүлвира Мұсабекова, маркетинг және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Амангелді Бейсембаев, экономика және инженерия факультетінің деканы Елена Красноперова қатысты. Олар түлектерді құттықтап, олардың еңбекқорлығы мен табандылығын атап өтті.

Біз әрбір түлегімізді мақтан тұтамыз және оларды үлкен жетістіктер мен жаңа белестер күтеді деп сенеміз. Алынған білім мен дағдылар оларға өмірдің игіліктеріне қол жеткізуге және бұл әлемді жақсартуға көмектессін! – деп тіледі олар.

Түлектердің басым көпшілігі өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасқан.