Солтүстік Корея АҚШ-ты әуе кеңістігімізді бұзды деп айыптады
Солтүстік Корея Қорғаныс министрлігі елдің әуе кеңістігін бұзатын америкалық барлау ұшақтарын атып түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.
Солтүстік Корея Еңбек партиясының Орталық Комитеті басшысының орынбасары және ел басшысы Ким Чен Ынның әпкесі Ким Ё Чжон АҚШ-ты әскери барлау ұшағы елдің ерекше экономикалық аймағына сегіз рет кірді деп айыптады
Америкалық күштер «заңсыз басып кіруді» жалғастыра берсе, жағдай «қайғылы аяқталуы мүмкін», деді Ким.
Ол АҚШ КХДР әуе кеңістігін бұзды деген айыпты тағы қайталап айтты. Бұдан басқа, Ким мұндай ұшақтардың атып түсірілетінін жеткізді.
Пентагон Пхеньянның әуе кеңістігімізді бұзды деген айыптауын жоққа шығарып, АҚШ әскери күштерінің халықаралық құқықты ұстанатынын мәлімдеді.
«Демек, бұл айыптау – жай ғана айыптау», - деді тілшілерге берген сұхбатында америкалық әскери ведомство өкілі Сабрина Сингх.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер Солтүстік Кореяны «эскалациялық әрекеттерден бас тартуға» және «күрделі және дәйекті дипломатиямен айналысуға» шақырды.