«Табиғатты аяла»: Павлодарлық жас өлкетанушылар өз жобаларын таныстырады

«Табиғатты аяла»: Павлодарлық жас өлкетанушылар өз жобаларын таныстырады
Фото: Константин Шелков

Аталмыш іс-шара 4-5 сәуір күндері аралығында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы  үйымдастыратын   қалалық жиынға жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілері қатысады.

Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Жасыл мектеп» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы.

2. «Экотеатр интерактивті презентациясы» номинациясы – экологияның қызықты және өзекті мәселелеріне арналған сахналау.

3. «Экоблогер» әлеуметтік бейнероликтерінің номинациясы – Қазақстанның қазіргі әлеуметтік мәселелеріне арналған әлеуметтік бейнероликтер байқауы.

4. «Үздік арт-объект» номинациясында бейнематериал қабылданады. Онда шығармашылық жұмысты орындаудың барлық кезеңдері және әртүрлі қалдықтар мен қайта өңделетін материалдардан, қызмет еткен заттардан, әртүрлі қаптамалардан және т. б. жасалған жұмыстардың фотосуреттері (үш дана) көрсетіледі.

5. «Идеядан іске асыруға дейін» – лэпбук байқауының номинациясы.