Павлодарда Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан теннисшілері бас қосты
«Jenimpaz» үстел теннисі орталығында республикалық чемпионаттың бірінші туры аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының үстел теннисінен супер және Екінші лига командалары арасында өткен Қазақстан Республикасының командалық ашық біріншілігінің бірінші кезеңі аяқталды.
Үш күнге созылған чемпионатта Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген ең мықты 24 команда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші турдың «Суперлигасында» бес ұпаймен «Shymkent TTC» алтыншы орында, алты ұпаймен «Шолақ-Терек» бесінші орында, жеті ұпаймен «Almaty TTC» төртінші орында, сегіз ұпаймен өскемендік «Altay Pro» командасы үшінші орында, тоғыз ұпаймен ресейлік «УГМК» екінші орында, 10 ұпаймен «Караганда-1» командасы бірінші орында тұр.
Екінші лига деңгейінде бес ұпаймен «Караганда-2» алтыншы орынды, алты ұпаймен «Караганда-3» бесінші орынды, жеті ұпаймен шымкенттік «ЦПОР Сұңқар» төртінші орынды, сегіз ұпаймен Жымбыл облысының командасы «Тигры Масанчи» үшінші орынды, тоғыз ұпаймен «Almaty-2» екінші орынды, 10 ұпаймен жергілікті «Иртыш» командасы бірінші орынды алды.