Қырғызстан Ұлттық құрамасы Көшпенділер ойындарына дайындықты бастады

Қырғызстан Ұлттық құрамасы Көшпенділер ойындарына дайындықты бастады
Фото: World Nomad Games 2024

Ел намысын 24 спортшы қорғайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қырғызстан ұлттық құрама командасы алдағы Көшпенділер ойындарына қызу дайындыққа кірісті. Көкпар жəне көкбөрү бойынша əрқайсысы 12 ойыншыдан тұратын команда қазіргі таңда Чолпон-Ата қаласында оқу- жаттығу жиынын өткізуде.

Бұл жиынның мақсаты — спортшылардың физикалық дайындығын, тактикалық шеберліктерін жəне командалық үйлесімділігін арттыру. Жаттығу жиыны тəжірибелі жаттықтырушылар мен мамандардың жетекшілігімен өткізіліп, техникалық жəне стратегиялық аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді.

Көшпенділер ойындары — этникалық спорт түрлерінде əлемнің түкпір- түкпірінен қатысушыларды жинап, өз шеберліктері мен дəстүрлерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды əлемдік оқиға.

Қырғызстан ұлттық құрамасы өз əлеуетін көрсетіп, жарыстарда жүлделі орындарға ие болуға ұмтылады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.