Павлодарда ауызсу мәселесі қалай шешілуде?
Гагарин көшесіндегі кәріз коллекторының қайта құру жұмысы аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың сумен жабдықтау желілері – күрделі жүйе, тек қана құбырлардан тұрмайды.
– Барлығы қолданатын ауызсуы тұтынушыға жеткенге дейін күрделі жолдардан өтеді. Жабдықтарды ауыстырудағы күрделі кең көлемді процеске уақыт қажет. Бүгінде бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде,– деді компанияда.
Бас тоғанда суды Ертіс өзенінен тасымалдау процесі жүргізіледі. Содан кейін сорғы стансалары суды тазарту ғимаратына тасымалдайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес тазартады. Жинақтағыш резервуарларынан сутартқыш арқылы су үлестіруші желілерімен су құбырларына таратып, өз кезегімен суды үйлерге тасымалдайды.
Қазіргі кезде бірінші көтергіш сорғы стансасынан екінші көтергіш сорғы стансасына дейін сутартқышының, Малайсары батыр көшесімен өтетін сутартқышының, Лермонтов-Аймауытов-Қамзин-Крылов көшелеріндегі телімде техникалық су құбырының құрылысы жүріп жатыр.
Айта кетейік, «Павлодар-Водоканал» ЖШС сумен қамту желілерін жаңғыртуды «Тарифті инвестицияға ауыстыру» бағдарламасы аясында жүргізетіндігін айта кеткен жөн.