27 маусым күні Павлодарда қайда жарық болмайды?

Желілерді жөндеу жұмыстары он сағатқа созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
27 маусымда Павлодарда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Гагарин көшесі бойындағы №25 бөбекжайда, «Корзинка», «Айым», «Grom», «Grom Sport» дүкендерінде электр жарығы өшеді.
Сондай-ақ Гагарин көшесі 40, 40/1, 42, 42/1, 44, 44/1 үйлер де жарықсыз қалады.
Жөндеу жұмыстары сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.