Павлодарлықтар демалыс күндері электр энергиясын қалай төлей алады

Павлодарлықтар демалыс күндері электр энергиясын қалай төлей алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш күн бойы сервистік орталықтар жабық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы мерекелік және демалыс күндеріне байланысты сервистік орталықтар мен төлемдерді қабылдау пункттерінің жұмыс кестесінде өзгерістер болады.

Жарияланған хабарламаға сәйкес, 25, 26 және 27 қазан күндері жұмыс істемейтін күндер болып белгіленді. Бұл кезеңде кеңселерде тұтынушыларға қызмет көрсету және қолма-қол төлемдерді қабылдау жүзеге асырылмайды.

Төлемді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk) мобильді қосымшалары, «Astana Plat» ЖШС (kassa.24) төлем терминалдары арқылы жүргізуді ұсынамыз, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер компанияның қызметтері үшін төлемақыны «Kaspi Bank» (Kaspi.kz) АҚ мобильді қосымшасы, Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы деректемелер бойынша жүргізе алады.