Павлодар ауданының екі ауылдық округінде жаңа әкімдер сайланды
Жергілікті халық тікелей дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Чернорецк ауылдық округінің әкімі болып Ержан Тәкібаев тағайындалды. Ол сайлау қорытындысы бойынша 77,1 пайыз дауыс жинады.
– Ауылдық округ тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп қатысқандары үшін ризашылығымды білдіремін, – деп жазды аудан әкімі Николай Дычко өзінің жеке парақшасында.
Ержан Тәкібаев мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 14 жылдан асады. Бұған дейін Чернорецк ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
Сондай-ақ, Григорьевка ауылдық округінде Талғат Бланкин сайланды. Ол 78,3 пайыз дауыс жинады. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 7 жыл. Бұған дейін Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
Аудан әкімі жаңадан сайланған әкімді жергілікті өзін-өзі басқару мүшелеріне, ауылдық округтің активіне таныстырды.