Ақсуда жолаушыларды жылыту пунктіне орналастырды

Ақсуда жолаушыларды жылыту пунктіне орналастырды
Фото: pexels.com / Sultan Raimosan

Жолда қалған жолаушылар қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, 16 қаңтарда автокөлік жолдарының жабылуына және ауа райының қолайсыздығына байланысты балалар шығармашылығы үйінің ғимаратында арнайы жылыту пункті ұйымдастырылды. Мұнда Өскемен – Қарағанды бағыты бойынша қатынайтын шағын автобустардың жолаушылары уақытша орналастырылды.

– Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25 адам жылыту пунктіне жіберілді. Орналастырылғандардың барлығына ыстық тамақ пен сусындар, ұйықтайтын орындар берілді. Демалуға және жолдардың ашылуын күтуге жағдай жасалған, – деді ТЖБ баспасөз қызметінде.

Ауа райы оңалып, жолдардағы шектеулер алынғаннан кейін, шағын автобустар жолаушыларымен бірге белгіленген бағыт бойынша сапарларын жалғастырды.