Жолда 180 бас жылқы: Павлодар облысында мал иесі жазаланды

Ол жылқыларын қараусыз қалдырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс-Русская поляна автожолында учаскелік инспектор бақылаусыз жайылып жүрген 180 бас жылқыны анықтаған. Жылқылар жолда апаттық жағдай туғызған.
Тағы бір жағдайда, Ертіс ауылында малдардың иесі жылқыларды қараусыз жіберген, олар ауылды абаттандырылған жерді бұзып, басқа ауыл тұрғындары үшін қолайсыздық туғызды. Тұрғындар бұл факті туралы полицияға хабарлады.
– Тәртіп сақшылары ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін оларға қатысты әкімшілік материалдар толтырды, – дейді департаментте.
Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысында жұмыс істеп тұрған 146 мамандандырылған айып тұрағына 630 бас мал қамалды, олар жайылымдарда бақылаусыз жайылып, облыстың автожолдарында қараусыз жүрді. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 17 иесі жауапқа тартылды.