Ақсуда ерекше балық өсіріле бастайды

Ақсуда ерекше балық өсіріле бастайды
Фото Константин Шелков

Тізімде балықтың бекіре, тұқы және кемпірқосақ түрлері бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсуға жұмыс сапарымен барған  облыс әкімі Асайын Байханов жергілікті кәсіпкерлер ұйымдастырған балық шаруашылығымен танысты.

«Старт Фиш-Ақсу» ЖШС директоры Ринат Шабановтың айтуынша, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 140 тонна балық және жеті тонна уылдырық алуға мүмкіндік береді.

- Тор шаруашылығы жылы каналда орналасқан. Су қоймасы қатып қалмайды. Ол бекіре тұқымдас балықтарды қыста өсіру үшін қолайлы, - деп түсіндірді спикер. - Жем теңдестірілген. Бізге әлі күнге дейін мемлекеттік қолдау көрсетілмеді. Барлығы жеке қаражат есебінен еске асда. 2024 жылдан бастап мемлекеттік қолдау көзделген. Онда 50 пайызы жем сатып алуға, 25 пайызы инвесторлар субсидиялайды.

Жер учаскесінің ауданы 9,3 гектарды құрайды. Кәсіпкерлер оны туристік әлеуетті дамыту және спорттық-әуесқойлық үшін тоғанды орналастыру және күтіп ұстау үшін алды.

– Мұзда балық аулау – жақсы идея, - деді аймақ басшысы. 

Әзірге ақсулықтардың 2028 жылға дейін құнды балық аулауға мүмкіндіктері бар.