Павлодарлық оқушы шахматтан Сербияда өтетін дүниежүзілік олимпиадаға қатысады

Байқау наурыз айына жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанат Асайынова өңір мектептерінде шахмат кабинеттерінің, бұрыштарының ашылуы 2017 жылы бастағанын айтады.
– Содан бері біздің тәжірибемізді басқа аймақтар да өздеріне енгізіп келе жатыр. Бұл ретте, мектеп оқушылары арасында шахмат қарқынды дамуда екенін атап өткім келеді. Павлодар қаласында 43 жалпы білім беретін мектеп бар, және әр мектепте шахмат үйірмесі бар, оларды үйрететін педагогтер – шахмат нұсқаушылары да бар, – дейді Жанат Асайынова.
Оның айтуынша, кабинеттер заманауи стильде безендірілген, арнайы жабдықтармен және балаларға арналған интерактивті тақталармен жабдықталған. Балалар тіпті үзіліс кезінде немесе бос уақытында ойнай алатындай шахмат бұрыштары да бар.
– Шахмат ойыны логикалық ойлауды, стратегиялық жоспарлауды дамытады. Сондай-ақ, ойнай отырып бала зейінін шоғырландыруды үйренеді, ол лайықты жеңілу қасиетін дамытады, стандартты емес ойлау қабілеті дамиды, – дейді спикер
Бұл ретте, 2023 жылы Үкіметтің қаулысымен Қазақстанда шахматты дамытудың кешенді жоспары бекітіліп, жоба әзірленді. Өткен жылы бұл жобаға қалалық Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп және №18, 29 мектептер енген. Жобаға балалар 1-сыныптан бастап енгізілді. Биыл тағы екі мектепті енгізу жоспарлануда.
– Аталмыш жоба шахматқа деген кешенді көзқарасты білдірді. Ең алдымен, бұл – мұғалімнің өзін оқыту. Ол үшін Қазақстан шахмат федерациясының сайтында шахмат бойынша оқулықтар, дамыту курстары, комбинация бойынша оқулықтар әзірленді. Мұғалімдер арнайы модульдік бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырудан өтеді, – дейді Жанат Асайынова.
Бұл ретте, балалардың қызығушылығына байланысты мұғалімдерге қосымша сағат ұсынылған. Бүгінгі таңда шаһарда 45 жаттықтырушы-педагог бар.
Айта кетерлігі, ақпан айында Таразда шахматтан 15 жастағы қыздар мен ұлдар арасында ҚР Білім министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының 25 жылдығына орай республикалық турнир өткен. Қалалық №35 мектептің оқушысы жүлделі бірінші орынға ие болып, наурыз айында Сербияда өтетін дүниежүзілік олимпиадада Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығына ие болды.