Екібастұзда төрт жасар қыз анасының зәресін ұшырды
Ол есікті өздігінен аша алмай, үйдің ішінде жалғыз қалып қойған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы ТЖБ-ның мәліметінше, 2 ақпанда сағат 22:42-де «112» диспетчеріне кішкентай баланың ілгекпен есікті жауып, оны өз бетінше аша алмай тұрғаны туралы хабарлама түскен. Мекенжайға келген құтқарушылар полиция қызметкерлері мен баланың анасының қатысуымен арнайы құралдың көмегімен есікті ашқан.
– Төрт жасар балаға медициналық көмек қажет болмады, – деді басқармада.
Екібастұз қаласының құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Нұрболат Қамзин мен құтқарушы Рустам Молдағалиев баланы анасына аман-есен тапсырды.