Ақсулық жасөспірімдер қаланы абаттандыруға үлес қосуда
Биыл қаланы абаттандыру және көгалдандыру бригадасына қосулыға 400-ге жуық бала ниет білдірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
"Қаланы бірге абаттандырайық" жобасы 10 шілде күні бастау алды. Жыл сайын жазғы кезеңде Ақсу қаласы мен кентінің аумағында еңбек жасақтары жұмыс істейді. Осы жұмыстарға қатысуға ниет білдірген кәмелетке толмағандардың саны жыл сайын артып келеді.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қ.Смағұловтың айтуынша, жазғы кезеңде жасөспірімдерді жұмыспен қамтудың бұл форматы балаларды өз еңбегімен ақша табуға ғана емес, сонымен бірге өскелең ұрпақты қоршаған ортаны таза ұстан, қаланы сүюге тәрбиелеу және қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды, ұқыпты болуды үйретуді көздейді.
- Бұған дейін жыл сайын осы отрядтарда жаз бойы 300 жасөспірім жұмыс істеген болса, биыл тілек білдірушілер саны 360-қа дейін өсті. Балалар қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына өз ынтасымен қатысады. Оқушылардың жұмысының негізгі шарты олардың 14 жасқа толуы, міндетті медициналық тексеруден өтуі болып табылады. Жұмыстар тұрғын үйлердің ауласында жүргізілуде, - деді бөлім басшысы. Бүгінгі таңда 6 абаттандыру және көгалдандыру бригадасында 120-дан астам жасөспірім жұмыс істеуде. Әр маусым басталар алдында балаларға жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқамалар жүргізіледі.
Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Жалпы, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмысы 3 маусымға жоспарланған.