Баянауыл ауданында арқарлар мекені зерттелуде (видео)
Қызылтау қорығында бір топ арқар бейнежазбаға түсіп қалған, дейді @Рavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ұлттық паркінің ғылыми қызметкерлері мен аңшылықтанушылар бірігіп, Қызылтау қорығында арқарлар мекеніне мониторинг жүргізген. Зерттеу барысында дрон арқылы түсірілген бейнежазбада бір табын арқардың тау-тас арасында қашып бара жатқаны байқалды.
Ұлттық парк ғылыми қызметкерлерінің айтуынша, басты мақсат – жабайы аңдардың биалуандылығын тереңнен зерттеп, мағлұмат жинау.
– Бұл - табиғатты қорғау жұмыстарының нақты нәтижесі және туған жеріміздің бай биоалуантүрлілігін сақтаудың маңызды көрсеткіші. Сонымен қатар, Қызылтау арқарлары - өңіріміздің мақтанышы әрі келер ұрпаққа аманатымыз, – дейді мамандар.
Арқар – табиғаттың көркі, жабайы аңдардың ішінде Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірі болып саналады. Мамандар табиғатты қорғау шараларының арқасында сирек кездесетін аңдар саны артып жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, ұлттық парк аумағында мекендейтін жыртқыш аңдар қатарында қасқыр, сілеусін, түлкі, қарсақ, борсық, арқар, киік, елік, бұлан, қоян сыңды жануарлар мекендейді. Қазақстан Республикасының алғашқы құрылған паркі болып табылады.
Жанқозы Жұмат
Посмотреть эту публикацию в Instagram