«Жасыл әлем»: Павлодарлық еріктілер сирек кездесетін өсімдіктермен танысты
Екі колледж студенттері экологиялық мұражайға саяхат жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығындағы «Жас эколог» мұражайына облыстық «Жасыл ел» штабы экскурсия жасады. «Жасыл Әлем» экологиялық іс-шарасы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оған Павлодар монтаждау және техникалық сервис колледждерінің студенттері қатысты.
Аталмыш іс-шара экологиялық мәдениетті және әлеуметтік ережелерді игерудің сапалы процесін дамытуға, жастардың қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық білім беру саласындағы құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
«Жас эколог» мұражайына экскурсия – экологиялық тәрбиенің жақсы бөлігі.
– Бүгінгі іс-шара шағын экскурсияны қамтиды. Жастар өсімдіктердің қызықты, сондай-ақ сирек кездесетін түрлерімен танысты. Оларға қалай дұрыс күтім жасау керектігімен көрсетілетін жылыжайға барды, – дейді «Жасыл ел» қалалық штабының командирі Арина Краскова.
Оның айтуынша, экологиялық іс-шара жастардың өзін-өзі тануына жағдай жасап, басқа адамның еңбегін көрсетуге және бағалауға үйретеді. Әрбір жас адамның білімін кеңейтеді.
Биылғы жылы акция аясында аумақтарды тазартуға, жастардың экологиялық бастамаларын тәрбиелеуге де бағытталған көптеген қызықты іс-шаралар өткізілді.
– Біз аумақты тазарту, қаламызды одан да жақсарту үшін ғана емес, соған сәйкес балаларымызбен, студенттерімізбен, жауынгерлерімізбен, қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығы үшін жұмыс жүргіземіз, – дейді спикер.
Сонымен қатар, экскурсия барысында студенттерге тазалықты сақтаудың және табиғатымызға көмектесудің маңыздылығы туралы экологиялық әңгіме ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта «Жасыл ел» қалалық штабының салтанатты жабылу рәсімі жоспарлануда. Онда үздік жауынгерлер мен командирлерді, үздік еріктілерді бағалы сыйлықтармен марапаттайды.
– Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген іс-шараларға қатыстық. Бір жылға жуық «Жасыл ел» штабында жұмыс істеймін. Жаз бойы абаттандырумен айналыстық, қала көшелерін қоқыстардан тазарттық, гүлдерді суардық. Бүгін қала жайында экологиялық көптеген мағлұматтарды алдық, – дейді Павлодар монтаждау колледжінің студенті Ақнұр Ерубаева.
Айта кетейік, «Жасыл ел» облыстық штабы «Таза Қазақстан» акциясы аясында 10-ға жуық экологиялық іс-шаралар ұйымдастырды.
Атап айтқанда, экологиялық сенбіліктер, аудандар мен Усол жағалау аймағын және өзен арнасын тазарту.
Павлодар облыстық штабы 1000-ға жуық қап, 2000 тонна түрлі қоқыс жинады. Бұл – негізінен пластикалық бөтелкелер мен шынылар. Барлығы 2000-нан астам адам экологиялық іс-шараларға қатысты.