Ертіс орманы резерватының орманшылығында 4500 түп көшет отырғызылды
Акцияға барлығы 50 адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» резерватының мәліметінше, акция Есілбай, Шалдай ауылдарының тұрғындары тарапынан қолдау тапты.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу тапсырмасын орындау, орманды сақтау және молықтыру идеясын қолдау мақсатында Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында «Ертіс орманы» табиғи резерватында қарағай көшеттері отырғызылды.
– Мұндай іс-шара азаматтарды табиғатты аялауға, ормандарды қалпына келтіру және сақтауда маңызды рөл атқарады, – дейді резерватта.
Акцияға қатысушылар Сейтен орманшылығында 4500 дана жас қарағай көшетін екті.