Ақсуда қала күніне орай Жұбаныш Жексенұлы мен Мақпал Исабекова өнер көрсетеді
Мерейтойлық шаралар сәнді отшашумен аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
17 шілдеде Ақсу қаласында Қала күні мен Металлургтер күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мерекелік бағдарламалар қалалық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Сағат 15:00-17:30 аралығында арнайы алаңдар жұмыс істейді. Тұрғындар мен қонақтарға ойын-сауық қойылымдары, көрмелер және барлық отбасы мүшелеріне арналған түрлі белсенділіктер ұсынылады.
Сағат 17:30-да басты сахнада гала-концерт басталады. Кеш барысында Жұбаныш Жексенұлы мен Мақпал Исабекова ән шырқайды. Ал мерекенің хедлайнері – Sadraddin.
Ақсу қаласының 65 жылдығына арналған салтанатты кеш әсерлі отшашумен аяқталады.