Баянауылда жол апатынан бес адам зардап шекті

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының полиция департаменті Баянауылдағы демалыс аймағында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
16 шілде күні Жасыбай демалыс аймағында «Hyundai Tucson» көлігінің жүргізушісі серпантинді жолда рөлге ие бола алмай, көлікті кюветке аударып жіберген. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Тәртіп сақшылары демалушыларға жол қауіпсіздігін сақтап, әсіресе қозғалысы көп учаскелерде жылдамдықты асырмауға және көлік құралдарының техникалық жағдайына мұқият болуға шақырады.