Павлодарда ер адам гараждың төбесінен құлап кетті
Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 8 шілдеде сағат 01.03-те жедел жәрдемге Павлодардағы гараждың төбесінен құлау фактісі туралы хабар түскен. Дәрігерлер 9 минуттан кейін көрсетілген мекенжайда болды. Мас күйінде болған 1989 жылы туған ер адам зардап шекті.
103 қызметкерлері төрт күнде екі рет мотоциклшілерге көмек көрсетті. Павлодарлық «Южный» бау-бақшасында 20 жастағы жас жігіт қозғалыс кезінде велосипедтен құлап кеткен. Ал Екібастұзда 16 жасар жасөспірім рөлге ие бола алмай, қоқыс жәшігіне соғылған.
Ақ желеңділер жазда жол-көлік оқиғалары мен жазатайым оқиғалар саны артатынын айтады. Сондықтан дәрігерлер жолда жылдамдықты асырмауға және қырағылықты сақтауға кеңес береді.