Жетекші кентінде монша мен көлік отқа оранды

Жетекші кентінде монша мен көлік отқа оранды

Өрт бір жарым сағатқа жуық сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:32-де Жетекші кентінде жеке тұрғын үй аумағында монша, автокөлік және жазғы асүй шатырының бір бөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 14:10-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.