Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Садақ атудан басты қарсыластар кімдер?
Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Марат Бексұлтанұлы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ол – спорт шебері, тұңғыш ел чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері.
– Көшпенділер ойынына жыл басынан бері оқу-жаттығу жиыны басталып кеткен болатын. Алғашқысы Малайзия елінде болды. Одан кейін алматыда екі-үш қайтара өтті. Барлық жиын жаттығуларға қатысып келеміз және нәтижесін беруде. Бұрынғы нәтижелерден жоғары, – дейді Марат Бексұлтанұлы.
Спортшы басты қарсыластар ретінде ертеден дәстүрлі садақ атумен айналысып келе жатқан Мажарстан, Индонезия, Түркия, Малайзия елдерінің спортшыларын атап өтті.
Айта кетерлігі, ойындарда дәстүрлі садақ ату бойынша жарыстар 8-12 қыркүйек күндері «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешені алаңында өтеді.