Сейсмикалық белсенді аймақтар үшін құрылыс арматуралар тексерілуде

Сейсмикалық белсенді аймақтар үшін құрылыс арматуралар тексерілуде
Фото: Өнеркасіп және құрылыс минстрлігі баспасөз қызметі

Сынақтар «ЗСОМС «ГРАД» ЖШҚ тапсырысы бойынша өткізілуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркасіп және құрылыс минстрлігі.

ҚР Өнеркасіп және құрылыс минстрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары 20, 22, 25, 28 және 32 мм диаметрлі арматура өзектеріне зертханалық зерттеулер жүргізуде.

Барлығы 45 үлгі тексерілді, олардың құрамына бүтін арматура элементтерімен қатар, «GRAD» бұрандалы муфталарымен қосылған үлгілер де кіреді.

–   Арматура ресейлік стандарттарға сәйкес А500С класындағы болаттан жасалған. Қосылыстар өзек ұштарындағы арнайы бұранда және берік муфталар арқылы орындалды, – делінген хабарламада.

Сынақтар аяқталу кезеңінде. Егер оң сипаттамалар расталса, бұл материалдарды сейсмикалық белсенді аймақтарда пайдалануға арналған құрылыс құрылымдарында қолдануға ұсыным беруге болады.