Павлодар облысында ауыл шаруашылығы санағы басталды

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы санағы басталды
Фото: Константин Шелков

Облыста санақ екі аудан мен бір қалада өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

20 тамыздан бастап республика бойынша ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасатын пилоттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Санақпен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа, фермер, жеке қосалқы шаруашылықтар, сондай-ақ бау-бақша және саяжай кооперативтері қамтылады.

Біздің облыста санақ Ақсу қаласында, Баянауыл ауданының Бірлік ауылы мен Ертіс ауданының Қарақұдық ауылында өтеді.

Инвестицияларды тарту және бизнесті дамыту бойынша облыс әкімінің орынбасары Айгерім Қабылтаева аталған аудандар мен қаланың әкімдіктерімен ауыл шаруашылығы санағы бойынша ауқымды республикалық науқанды ұйымдастыру және өткізу бойынша бірқатар негізгі ойларды айқындайды, орнату кеңесін өткізіп, өз бақылауына алды.