Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін локациялар жарияланды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін локациялар жарияланды

Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ДКО аккредиттеу және жабдықтау орталықтары орналасады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

5-ші ДКО инфрақұрылымына «Қазанат» ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені, «Думан» кешені сияқты елордалық нысан кірді.

«Қазанат» ипподромы мен Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құс салудың ұлттық түрлерінен жарыстар, ат үстіндегі сайыстар бойынша жарыстар өткізіледі. Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз сарайында ұлттық күрес түрлерінен, жекпе-жек түрлерінен және халық ойындарынан жарыстар, «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша жарыстар өткізіледі.

Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ДКО Аккредиттеу және Жабдықтау орталықтары орналасады. Ойындардың ғылыми бағдарламасының іс-шаралары Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында өткізіледі.

Дүниежүзілік ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақ үй мен 343 көлік жұмылдырылады.